«Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», – деп айтқан А.П.Чехов. Билингвизм – екі тілді бірдей еркін игеру, біздің балабақшамыздың маңызды бағыттарының бірі екенін айтқанбыз. Қос тілділік есте сақтау, түсіну, тіл құбылыстарын талдау мен талқылау, тапқырлық, реакция жүйріктігін, математикалық дағдылар мен логиканы дамытуда оң әсер мол. Толыққанды дамып келе жатқан билингвилер, әдетте, сабақты жақсы оқиды және басқалардан қарағанда абстракті ғылымдарды, әдебиет пен шет тілдерін жылдам әрі жақсы меңгереді.
Бала екі тілді үш жасына дейін игерген жағдайында, ол екі кезеңнен өтеді: алдымен, ол екі тілді араластырады, кейін бір-бірінен ажырата бастайды. Шамамен бала 3 жасында бір тілді екінші тілден анық ажырата алады. Үш жастың аяғында, кейбіреулері 4 жаста тілдерді араластыруды тоқтатады. 4-5 жастағы бала қатынас жасауға талпынып, оны сөздерді ұйқастыру мүмкіндігі қызықтырады. Сөздердің мағынасын, заттардың атауын білуге тырысады. 6 жасында ол өз құрдастарымен ойнау кезінде тілді белсенді қолданады.
Біреу жақсы, ал екеу одан да жақсырақ! Тілдерді үйреніңіздер!