Алдағы уақытта қандай тамаша күндер! Мерекеге байланысты демалыс. Әлдекім жазды қосқандай) Бүлдіршіндеріңізбен таза ауаға табиғатқа шығу – табылған ақыл! Ал егер қалада қалатын болсаңыздар – отбасымен серуендеу – денсаулықтарыңызға жақсы әсер етеді. Бірақ жай ғана серуендемей, сол жердің картасын салыңыздар, аулаңызда қазына жасырыңыздар, қаланың ескі ауданы бойынша экскурсия өткізіңіздер, ойнаңыздар – қиялдарыңызды қосып, көңіл көтеріңіздер. Және де кафеге кіріп, балмұздақ жеуді ұмытпаңыздар. Мұндай демалысты балалар ұмытпайтын болады.