Біздің балабақшаның «Балажан» деп аталуы тегін емес. Өйткені балаға деген қайырымды, сергек көзқарас біздің ұжымның негізгі ұстанымы болып табылады.
Балаларын балабақшаға бергенде ата-аналардың өздерін алаңсыз, әрі сенімді сезінуі біз үшін өте маңызды. Біздің «Балажан» балабақшамыз – «шағын мемлекет»: осы заманғы жаңа ғимарат, үлкен аула, сенімді күзет, түрлі қызметке арналған жайлы бөлмелер, жақсы жабдықталған ас үй. Біздің «Балажан» бала бақшамыздың күн кестесі балалар белгіленген уақытта ойнап, қыдырып, көптеген қызықты әрі пайдалы білімдерді үйреніп, ән айтып, би билеп үлгеретіндей құрастырылған.
Біздің бағдарлама оқу және ойнау үрдісінде қазақ тілін тереңдете үйретуді көздейді. Күнделікті дене шынықтырумен шұғылдану және басқа да түрлі процедуралар балалардың денсаулығын нығайтады. Ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, ата-аналар мен балаларға арналған түрлі іс шаралар олардың өзара түсіністігін мен «Балажан» балабақшасының ұжымына деген сенімдерін нығайтады.
Біздің көздейтініміз – балалардың өздерін жақсы сезінуі мен ата-аналардың алаңсыз болуы. Біздің тәрбиешілер мен күтушілеріміз – жұмысты бар ынтасымен беріліп істейтін жігерлі жас қыздар. Біз педагогтар құрамын өте мұқият іріктеп, осы орайда олардың арнаулы біліміне ғана емес, кісілік қасиеттеріне және балалармен жұмыс істеу қабілеті мен икеміне баса көңіл бөлеміз.
Біз балабақшада балаларға дендері сау, ақылды, өміршең боп өсуіне қажеттінің бәрін беруге тырысамыз.