Тілдің дәмін үйіретін, тәбетімізді бірден ашатын бәліш пен тоқаштар, түрлі сорпалар мен көмештер, нәрсу мен шырындар – осының барлығын біздің аспазшымыз Хуршида Мурдунова күн сайын шын пейілімен әзірлейді. Бұл – асханадағы бір ғажайып құбылыс деуге болады. Сорпа пісіріліп жатқан кезде (бүлдіршіндер үшін сорпа 3 сағаттан кем емес пісірілу қажет), көкөністеріміз майдалап ұсақталады, ет қосылған бәлішіміз де дайын болады. Жиырма жыл тәжірибесі бар Хуршида қазіргі күнде балалардың тағамдарға қатысты барлық құштарлықтарына әбден қанық, оларды қалай қуантуға болатыны да белгілі. Тіпті бүлдіршіндеріміз онша ұната қоймайтын көк шөптің өзін сәндейтіні соншалықты, пайдалы дәрумендерімен ауызға қалай түскені де байқалмай қалады. «Балажан» балабақшасында әсіресе бешбармақ тағамы ерекше құрметте, өйткені балаларымыздың ыдыстарынан ол бірден жоқ болады. Бұл – асхана сиқыршымыз үшін аса бағалы сый мен құрмет. Астарыңыз дәмді болсын!