Балабақша туралы

Біздің балабақша бұрын сәби бақшасы болған жерде, қаланың орталығында орналасқан. Күрделі жөндеуден кейін ғимарат кеңейіп, осы заманға сай заманауи бақша болды. Мұнда балаларға қажеттінің бәрі бар. Үлкен ауламыз балалардың таза ауада ойнауы үшін тамаша жабдықталған.
4 топтың әрқайсысында үлкен әрі жарық ойын бөлмесі, жатар бөлме, гардероб, арнайы жабдықталған жуынатын бөлмелері бар. Ыңғайлы бала жиһазы, «ақылды» ойыншықтар, арнайы оқу құралдары, ыдыс-аяқ жуатын машинасы бар асхана – бұның бәрі бала өмірін жайлы етуге бағытталған мүмкіндіктердің шағын бір бөлігі ғана.
Біз екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.

Бала бақша ғимараты ішкі және сыртқы бақылау бейне камераларымен толық жабдықталған. Күні бойы ғимаратта екі кәсіби күзетші болады. Сіздің балаларыңыздың кауіпсіздігі мақсатында күннің аяғында балаларды алып қайту құқығы бар тұлғалардың тізімі жасалады.

 

Техникалық жарақтану
1.Топтық және жатар бөлмелерді қоса барлық негізгі бөлмелер бейне бақылауда.
2. Өртке қарсы және күзет сигнализациясы.
3. Әдеттегі жылу жүйесімен қатар ойын бөлмелерінде жылы едендер.
4. Smart TV.
5. Әр топта ыдыс-аяқ жуатын машиналар.
6. Су тазалайтын фильтр.

Біздің балабақшада тамақтану маңызды саналады. Балабақша әкімшілігі сатып алынатын өнімдердің сапасын мұқият қадағалайды. Медицина қызметкерінің қатысуымен жасалатын ас мәзірі «үйдегідей» дәмді, әрі пайдалы тағамдарды қамтиды. Жұғымды заттар мен дәрумендер балансы СанПиН нормалары мен талаптарына сай келеді. Меню жасалғанда балалардың белгілі бір азықты қабылдай алмау жағдайы ескеріледі. Бұған қоса ас дайындайтын орын ең озық жабдықтармен жарақталған. Біздің балаларға кәсіби аспазшылар тағам дайындайды.

«Балажан» балабақшасында балалардың денсаулығы  үнемі тәжірибелі педиатрдың жіті бақылауында. Балалар күнделікті медицина қызметкері фильтр жүргізгеннен кейін қабылданады.  Бақша медбикесі балалардың денсаулығын қадағалайды және төмендегі сауықтыру, алдын алу шараларын жүргізеді:
 

– Гиподинамия және семіздік профилактикасы: күнделікті дене шынықтыру сабақтары, қимыл-қозғалыс ойындары;
– Суық тию белгілерін алдын алу үшін: аяққа контрасты душ, тамақты шайқау, оксолин майымен өңдеу;
– Майтабан мен оның белгілерін алдын алу үшін: сенсор жолдар, қиыршық таста жалаңаяқ жүру;
– Арнайы ойын сабақтары кезінде шағын моториканы, естуді, көруді дамытуға арналған жаттығулар;
– Толық мәнді тамақ;
– Жыл бойы балғын жемістер беріледі;
– Шынығу;
– Таза ауадағы серуен;
– Ауыз су режимі;
– Педиатрдың кеңестері( күнделікті бақылау)
– «Жасыл коктейль» Виктория Бутенконың ұсынысы бойынша, иммунитетті нығайтуға мүмкіндік береді.

i-zaureЗәуре Нөкетаева – «Балажан» балабақшасының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Зәуре Жүсіпәліқызы балабақшаның негізгі стратегиялық даму бағдарламаларын, жұмыстың басты моделін  құрастырып, басқарады. Бақшаның заңдары мен ережелерін ойластырады.
 

Зәуре ханым, бала тәрбиесінде тәжірибесі мол мейірімді, ұстамды, білімді басшы. 5 баланың қамқоршы, табысты анасы болғандықтан   әрқашан ата-аналарды емеурінінен түсініп қолдау көрсетеді, көмектеседі, дұрыс жол сілтейді. Мол педагогикалық тәжірибесі дұрыс шешім қабылдап, жас ұжымды жаңа белестерді бағындыруға жетелейді.
 

i-nurgulКайдаулова Нұргүл – «Балажан» балабақшасының директоры, білімді, жігерлі басшысы, балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Нұргүл Кайруллақызы – арманы асқақ, мақсаты айқын азаматша ретінде балабақшадағы балалардың дендері сау, ақылды, өміршең боп өсуіне қажетті жағдай жасап, нәтижелі еңбек етуде.
 
 

 

i-faridaМәдімарова Фарида Ергенқызы – 5-6 жас балалар тобының аға тәрбиешісі. Ұжымдағы ең тәжірибелі педагог, негізгі жұмысын  бақша әдіскері лауазымымен қатар алып жүреді. Оқу-әдістемелік үрдіске бақылау жүргізеді. Фарида Ергенқызы – балабақшамыздың бір топ педагогтары әлемнің озық әдістемелерін негізге ала отырып құрастырған эксклюзивті әдістемелік бағдарламамыздың соавторы. Сабырлы, талапшыл, жанашыр тәрбиеші. 2 баланың анасы болғандықтан  балалардың тілін тез тауып,  оларды үлкендерді сыйлауға, кішілерге үлгі болуға тәрбиелейді.
 
 

i-talshynКөкенбаева Талшын Қуанышбекқызы – 4-5 жас аралығындағы балалар тобының аға тәрбиешісі. Талшын – жас болса да тәжірибесі мол маман. Ол балаларды өте қатты жақсы көреді. Талшын бике балабақшамыздың басқа да тәрбиешілерімен бірге кәсіби біліктілігін жетілдіру мен дамытуға арналған көптеген білім беру бағдарламаларынан өткен. Заманауи білім беру бағдарламаларын меңгерген білікті тәрбиеші.

Мой сын, Касым Уалихан два года посещает детский сад Балажан. Здание очень удобное, новое, красивое. Заходишь и попадаешь в мир детства. Каждая группа имеет свое название. Мы ходим в группу «Акбота». Воспитательницы образованные, добрые, дети тянутся к ним и быстро привыкают. Уже с первых дней дети занимаются в группах. Это уроки и образовательные игры и кулинарные дни, когда дети сами учатся готовить. А какие они устраивают праздники : дни рождения, новый год, Наурыз….. Обязательно каждая группа готовит программу и всегда задействованы все дети. Есть спортивные занятия: гимнастика, хореография, каратэ. Также хорошо обустроена территория садика. Это и игровые площадки и даже огород, в котором дети выращивают овощи. Весной они помогают сажать и осенью сами собирают урожай. Это не только игра для детей, но и воспитывают любовь к земле и радость того, что они делают своими руками.
Большая благодарность администрации детского сада и нашим добрым, терпеливым воспитательницам, которые не только ухаживают за нашими детьми, но и обучают и прививают любовь к казахскому языку.
С уважением Касимова Ася.


 

Балабақша!.. Тұңғышымыз дүниеге келгенде балабақша жайын ойлана келе жекеменшік балабақшаға береміз деп шештік. Сол себептен де мемлекеттік балабақша кезегіне де тұра қоймадық. Алғашқы кезде жеке тәрбиешінің қызметіне жүгінгенімізбен, балалар өсе келе, бұл қызмет түрінің біздің бала тәрбиесіне деген талаптарымызды қанағаттандыра алмайтыны аңғарыла бастады. Ол – бөлек әңгіме.
Енді балабақша іздеу басталды. Туыстар мен таныстардың өз балаларын қай бақшаға апаратынын анықтап, ата-аналарының нақты сол бақша туралы пікірін сараптап шықтық. Ғаламторды түгел сүзіп, үміт күттірген бірнеше бақшаға арнайы кіріп те шықтық. Қала шетіндегі жекеменшік балабақшаға тұңғыш қызымызды бергенімізбен, уақыт өте келе бұл бақшаның да талабымызға сай келе қоймайтыны белгілі болып, қызымызды шығарып алуға тура келді.

«БАЛАЖАН». Бұл атауды, біз, ғаламтордан кездестірдік. Бақшаның «орыс және қазақ тілді» болғаны алғашқыда көңілге күмән ұялатқанмен, уақыт өте келе бұл күмән сейіліп, есесіне таңдауымыздың дұрыс болғанына деген сенім орнады.
Әрбір ата-ана сияқты, біз де балаларымыздың өз заманына сай оқыған-тоқыған және, ең бастысы, АНА ТІЛІНІҢ тұнығынан сусындап, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН қол үзбей өскенін қалаймыз. Сол тұрғыдан алғанда «БАЛАЖАН» балабақшасы біздің және көптеген ата-аналардың талап-тілектерінің мүддесінен шыға білді.

Биязы тәрбиешілер, білімді оқытушылар – өз істерінің нағыз мамандары, және де, ең бастысы, осы жеткен жетістікпен шектеліп қалмақ емес. Өздерінің білімдері мен біліктіліктерін шыңдауда. Балабақша басшылығы мен ата-аналар арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Әрбір ата-ананың тілегі ескерусіз қалмайтынына өзіміз куә болып жүрміз. Күн сайын балабақшада үйренгенін, түйгенін өзіңмен асыға бөлісетін балапандарың жаныңды қуантса, балабақша ғимаратындағы ұқыптылық пен тазалық көзіңді қуантады. Балабақша ішінен ашылған спорт үйірмесі ұлымды нағыз азаматтық жолға баулыса, қызым әр жұмада өзінің кішкентай ғана қолдарымен қамыр илеп, ас дайындау шеберлігіне үйренуде. «Балажан» балабақшасы атына заты сай, балажандылықтың нағыз үлгісі!

Сөз соңында, балабақша ұжымына және балабақша құрылтайшысы Зәуре ханымға жүрекжарды алғысымызды білдіріп, еңбектерінің жемісті, жұмыстарының табысты болуын тілейміз!!!

Құрметпен, Айзере мен Мадиярдың ата-анасы!
03.03.2015 жыл.


 

««Балажан» балабақшасына үлкен алғысымды білдіремін. Балам Тарлан Алтай бірінші күннен тез үйреніп кетті.  Бұл бала бақшада әр баламен жеке жұмыс жасалады. Әр баланың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Балаға тұлға деп қаралып, оның таным-түйсігіне сыйластықпен қарым-қатынас жасайды. Қаламыздағы ерекше стильде жұмыс істейтін бірден-бір балабақша деп айтсам қателеспеймін. «Балажан» балабақшасына үлкен жетістіктер тілеймін. Үлкейіп өсіп,  көбейе берсін. Өйткені еліміздің әр қаласында осындай бір-бір балабақша болуы тиіс. Балабақшаларыңыз өркендеп өсе берсін!»
– Эльвира


 

арай продакшн 001-fixed

 


Хочется поделиться своими положительными эмоциями о детском саде «Балажан», особенно отметить умелую организацию, благодаря которой наши детишки защищены от посторонних и находятся под круглосуточным наблюдением, что достаточно важно для каждого родителя.
Полностью оснащены игровые комнаты каждой группы в отдельности, современными интерактивными игрушками, разнообразным дидактическим материалом, которые позволяют полноценно развиваться согласно возрасту ребенка.
Проанализировав питание деток детского сада «Балажан», мною замечено изумительно подобранное и сбалансированное меню, позволяющее детям с легкостью воспринимать серьезную нагрузку во время занятий при подготовке к школе.
Особенно важно отметить, коллектив детского сада, таких доброжелательных, искренних, уравновешенных эмоционально, любящих одинаково всех деток, грамотных воспитателей встречаю впервые.
Постоянно проводятся всевозможные утренники, на которых не только детки проявляют себя, но задействованы родители, что скрепляет еще более семейные взаимоотношения.
Имеется большая игровая площадка с детским игровым оборудованием, крытым навесом, огородом, что улучшает физическое состояние ребенка.
Воспитатели разговаривают с ребенком на двух языках казахском и русском, в будущем имея основную базу одного или другого, легче усовершенствовать знания противоположного языка разговаривающего в семье.
Постоянно в садике дежурит педиатр, тщательно проверяет деток, прежде чем отправить в группу, дает витамин С, смазывает носовые ходы в зимний период оксолиновой мазью.
Воспитатели строго соблюдают распорядок дня, проводятся запланированные занятия согласно расписанию, но также определяется время для игр, чтоб наши дети не переутомлялись ☺

Огромное Вам СПАСИБО за все то, что Вы делаете для наших деток!
Наш садик – самый ЛУЧШИЙ!!!

Мама Богданы Виктория

 


Мои дети, Имантай и Аяжан, вот уже два года посещают детский сад «Балажан». Конечно, как и у любой мамы, в начале у меня были тревоги: понравится ли им, не будут ли болеть, не надоест ли? Но прошло время и я увидела замечательные перемены, происходившие с моими детьми. Они стали лучше говорить, значительно пополнился их словарный запас, стали самостоятельными, а главное – с удовольствием ходят в садик, у них много друзей.
Естественно, и у нас был период адаптации, когда дети, после того как прошла первая «эйфория», не хотели ходить в садик, когда они часто болели, когда не хотели утром вставать. Но я, как многодетная мама с опытом, знала, что надо переждать и не делать скорых выводов, потому что была уверена, что садик соответствует пожеланиям любой даже самой требовательной мамы. А еще мне нравится, что коллектив находится в постоянном поиске: новые интересные методики, мастер-классы, праздники.
Благодарю весь коллектив и желаю им успехов и долголетия!
– Зауре, мама


Төлепберген жанұясы
Біздің ұлымыз Аңсар 2 жасынан бастап «Балажан» балалар бақшасына барып жүр. Балалар бақшасын таңдағанда біз кең ауқымда іздедік. Бірінші біздің талабымыз пәндері қазақ тілінде жүргізілетін болу керек. Бірнеше себептерге байланысты таңдауымыз “Балажан” бақшасына түсті, олар:
“Қазақша”- бала бақшасы;
Орналасқан жері жағынан ыңғайлы;
ішкі интерьерінің қолайлылығы (жылы едендер, жаңа ремонт, ыңғайлы жиһаз);
бөлмелерінің бөлек орналасуы (киім ауыстыру, ұйықтайтын, ойын-сауық бөлмелері бөлек орналасқан);
жаңа бағдарламаларды қолдануы (монтесорри сабағы, ағылшын пәні өткізіледі);
жан жақты дамуты бағдармалары (каратэ, музыка, табиғат тану);
күнделікті таң ертенгі медициналық байкаудан өту (баланы бақшаға қабылдау алдында медбике баланың тамағын тексеріп, температурысын өлшейді).
Қазір ұлымыздың «Балажан» бақшасына барып жүргеніне 2 жылдай уақыт болды. Ұлымыздың өсу деңгейі айқын байқалады. Күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын, жан-жануарлардың атауларын, жеміс жидектердің атауларын қазақша толық айтады, әріптерді жақсы танып айтады, 1-ден 10-ға дейін қазақша және ағылшынша санайды. Ағылшын тілінде бөлек сөздерді және сол сөздің қазақша аудармасын айтады. До-ре-ми-фа-соль-ля-си деп музыка пәнінен үйренгенің айтып жүреді. Негізі, «Балажан» бақшасы балаларға ақпаратты жақсы береді, оқытатын кітаптары баспалардан арнайы тапсырыспен алынатыны байқалады.
Тәрбиешілер жайлы бөлек айтқымыз келеді. Алғашқы күннен келгеннен ұлымыз тез арада тәрбиешілеріне үйреніп кетті. Таң ертең қуана калып, кешкісін жақсы көңіл күймен алып кетеміз. Тәрбиешілері өте сыпайы, білімді мамандар.
«Балажан» бақшасы – қазіргі заманның талаптарына сай балаларға ақпарат беретін, оқытатын, тәрбиелейтін балалар бақшасының ең жақсы үлгісі.

Мама Аңсар Асель

 


Алғыс хат
Жас өспірімдерге қамқоршылық көрсетіп, тәлім-тәрбие беру жолында қызмет етіп жүрген бала-бақша ұжымына, өзінің міндетіне адал қарайтын, сәби деген жүрек соғыстары жиі, көңілдері пәк жас мамандарды жинаған басшыларына өте ризамын және үлкен алғысымды білдіремін. Еліміздің болашағы – жас ұрпақпен жоғары дәрежеде қызмет ете алатын «Балажан» бала-бақша ұжымы секілді ұйымдар, бұл ұжымды ұйымдастырған ардақты азаматтар сияқты қазақ елінің болашағын ойлаған азаматтар көп болса, елімнің көркейетініне сенімім мол!
Бала-бақшаның табалдырығын аттағанда жылы шыраймен қарсы алып, сәби жүрегіне аяулы алақанының жылуын, нәзік те сезімтал өз жүрегінің қағуын жеткізе білген, жас та болса өмірден алған тәжірбиесі мен білімін сіңіре білген Балауса бикеге, Ақерке бикеге және де басқа тәрбиешілерге үлкен аналық алғысымды айта отырып, зор денсаулық, жас ұрпақпен жұмысында қажымас қайрат және еліміздің болашағын тәрбиелеу жолында үлкен табыстар тілеймін!

Құрметпен, Санжардың мамасы –Айгүл
Қыркүйек, 2014 жыл